14.10.2009, 11:32 1508

Қазақстан премьер-министрі Шанхай ынтымақтастығы ұйымының энергетикалық стратегиясын қалыптастыруды ұсынады

Қазақстан премьер-министрі Шанхай ынтымақтастығы ұйымының энергетикалық стратегиясын қалыптастыруды ұсынады

Алматы. 14 қазан. Kazakhstan Today - Қазақстан премьер-министрі Кәрім Мәсімов Шанхай ынтымақтастығы ұйымының энергетикалық стратегиясын қалыптастыруды ұсынады. Ол Пекинде Шанхай ынтымақтастығы ұйымы елдерінің үкімет басшылары кеңесінің мәжілісінде осындай ұсыныс жасады, деп хабарлайды Kazakhstan Today "РосБизнесКонсалтинг" (РБК) агенттігіне сілтеме жасап.

Кәрім Мәсімовтың айтуынша, стратегияның негізі ретінде экспорттаушыларға да, ресурстарды тұтынушыларға да қолайлы негізді бағаға ұзақ мерзім бойы сенімді әрі экологиялық тиімді энергетикамен қамтамасыз ету принциптері қабылдануға тиіс.

Премьер-министрдің айтуынша, ғаламдық энергетикалық қамтамасыздыққа көмірсутегі рыноктарындағы тұрақсыздық нақты қатер төндіруде. "Мұндай жағдай тек экономикалық конъюнктурадағы құлдырауларға ғана емес, саясаттағы кейбір себептерге де байланысты. Осындай ахуалды реттеу үшін әсіресе энергетикалық стратегияны қалыптастыру аса маңызды", - деді ол.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны