05.03.2007, 17:08 3324

Қазақстан президенті 10-11-наурызда ресми сапармен Катар Республикасына барады - СІМ

АСТАНА. 5-наурыз. Kazakhstan Today. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев 10-11-наурызда ресми сапармен Катар Республикасына барады. Бұл туралы бүгін журналистерге арнап өткізілген қысқаша баспасөз мәслихатында ҚР СІМ-нің ресми өкілі Ержан Ашықбаев құлағдар етті,- деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі.

Келіссөздер барысында мемлекет басшылары өзара тиімді ынтымақтастықты одан әрі дамытуға қатысты мәселелер кешені мен халықаралық және аймақтық өзекті мәселелерді талқылайды деп күтілуде.

Елшінің айтуынша, "Қазақстан-Катар қарым-қатынасының іргетасы мемлекет басшысының 1998-жылғы мамырда Катарға жасаған ресми сапарының барысында қаланған". "Катар әмірі шейх Хамад бен Халиф аль-Тани жауап сапармен елімізге 1999-жылдың сәуір айында келді, бұл сапар екі ел арасындағы қарым-қатынасты дамытуға тың серпін берді",- деді ол.

СІМ өкілінің пікірінше, "қазір екі мемлекет арасында сенімді саяси диалог орнаған, экономика және мәдени-гуманитарлық саладағы байланыстар ілгерілеп келеді".

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны