04.09.2007, 15:46 3065

Қазақстан президенті 11 - 12 қыркүйекте Түрікменстанға ресми сапармен барады

Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев 11 - 12 қыркүйекте Түрікменстанға ресми сапармен барады, деп хабарлады "ҚАЗАҚСТАН БҮГІН" агенттігінің тілшісіне мемлекет басшысы әкімшілігінен. Ақпарат көзі сапар бағдарламасы туралы хабарлаған жоқ, бірақ шетелдік бұқаралық ақпарат құралдарының хабарларына сүйенсек, Ашхабад кездесуінде талқыланатын тақырыптардың бірі Каспий газ құбыры болады деген болжам бар.

"ҚАЗАҚСТАН БҮГІН". 4 қыркүйек. АСТАНА. Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев 11 - 12 қыркүйекте Түрікменстанға ресми сапармен барады, деп хабарлады "ҚАЗАҚСТАН БҮГІН" агенттігінің тілшісіне мемлекет басшысы әкімшілігінен.

Ақпарат көзі сапар бағдарламасы туралы хабарлаған жоқ, бірақ шетелдік бұқаралық ақпарат құралдарының хабарларына сүйенсек, Ашхабад кездесуінде талқыланатын тақырыптардың бірі Каспий газ құбыры болады деген болжам бар.

Естеріңізге сала кетейік, 2007 жылдың мамарында Түрікменбасы қаласында өткен үш жақты самитте Ресей, Қазақстан және Түрікменстан президентері - Владимир Путин, Нұрсұлтан Назарбаев және Гурбангулы Бердымұхамедов - Каспий газ құбырын салу туралы келіскен болатын. Газ құбыры Каспий жағалауын бойлай, Қазақстан мен Ресей арқылы Түрікменстан аумағы арқылы өтеді деп межеленген болатын. Жобаның техника-экономикалық негіздемесін жасау, негізгі сипаттамасы мен жобаны жүзеге асыру мерзімі қарастырылған келісімге 1-қыркүйекке дейін қол қою жоспарланған.

Бірақ жуықта Ресейдің вице-премьері Сергей Нарышкин, үкіметаралық келісімге қатысты жасалып жатқан жұмыстар әлі аяқталған жоқ, деп мәлім етті. "Жұмыс жаз бойы қарқынды жүргізілді. Мен келісімге қол қою мерзімін атай алмаймын, бірақ біздің сарапшылар өте қарқынды режимде жұмыс істеп жатқандығын білемін",- деді ол.

Сонымен қатар, ресейлік бұқаралық ақпарат құралдарының жазғанына сүйенсек, Ресей президенті Владимир Путиннің қыркүйекте Түркіменстанға келу-келмеуі неғайбіл. "Ресей президентінің Ашхабадқа сапары туралы шешім қабылданған жоқ",- деп хабарлады "Независимая газетаның" Кремльдегі ақпарат көзі.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны