09.04.2009, 16:56 3181

Қазақстан президенті 15 - 19 сәуірде Қытайға сапармен барады деп жоспарлануда

Қазақстан президенті 15 - 19 сәуірде Қытайға сапармен барады деп жоспарлануда

Астана. 9 сәуір. "Қазақстан Бүгін" - Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев 15 - 19 сәуірде Қытайға сапармен барады деп жоспарлануда. Бұл туралы бүгін Астанада өткен брифингте Қазақстандағы Қытай елшісі Чэн Гопин мәлім етті, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі.

"ҚХР төрағасы Ху Цзиньтаоның шақыруымен Нұрсұлтан Назарбаев 15 - 19 сәуірде Қытайға мемлекеттік сапармен барады", - деді Чэн Гопин.

"Өз сапары барысында Нұрсұлтан Назарбаев Ху Цзиньтаомен келіссөздер жүргізіп, Бүкілқытайлық халық өкілдері жиналысының тұрақты комитетінің төрағасы У Бангомен және премьермен кездеседі, бұдан кейін форум аясындағы саммитке қатысып сөз сөйлейді", - деді елші.

Сонымен бірге, оның айтуынша, сапар барысында мемлекет басшылары Қазақстан мен Қытайдың стратегиялық серіктестігін нығайту, екі елдің түрлі салалардағы іскерлік ықпалдастығын тереңдету жайын талқылайды. "Олар бұған қоса екі елдің ортақ мүддесіне сай келетін аса маңызды өңірлік мәселелер бойынша пікір алмасады", - деді Чэн Гопин.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. «Қазақстан Бүгін» Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны