20.09.2006, 15:43 2979

Қазақстан президенті 2007-жылдың басында ресми сапармен Оманға барады

АСТАНА. 20-қыркүйек. Kazakhstan Today. Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев 2007-жылдың басында ресми сапармен Оманға барады. Бұл туралы Kazakhstan Today тілшісіне ҚР СІМ-нің баспасөз қызметі хабарлады.

"Кабус сұлтанның Қазақстан мемлекет басшысын келесі жылдың басында ресми сапармен қабылдау туралы шақыруын Оман сыртқы істер министрі Юсеф бин аль-Алави бин Абдулла еліміздің бас дипломаты Қасымжомарт Тоқаевпен Нью-Йоркте өткен екі жақты келіссөздер кезінде растады",- деп хабарлайды СІМ.

Келіссөздер барысында Юсеф бин аль-Алави бин Абдулла сондай-ақ Оман елінде таяу уақыттарда Қазақстаның елшілігін ашу көзделіп отырғанын жеткізді. Дипломаттар бұған қоса қару таратпау, соның ішінде Иранның ядролық бағдарламасына қатысты мәселені де талқылады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны