31.10.2006, 14:18 6546

Қазақстан президенті 2007-жылдың қаңтар айында ресми сапармен Германияға барады

АСТАНА. 31-қазан. Kazakhstan Today. Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев 2007-жылдың қаңтар айында ресми сапармен Германияға барады. Бұл туралы еліміздің СІМ Қасымжомарт Тоқаев бүгін баспасөз мәслихатында хабарлады.

"Келесі жылы қаңтар айында Қазақстан президенті ресми сапармен Германияға барады", деп Қ.Тоқаев Германия сыртқы істер министрі Франк-Вальтер Штайнмайермен кездесуден кейін мәлім етті. "Біз осынау маңызды оқиғаға мұқият дайындалу қажет деген ортақ пікірге келдік",- деді бас дипломат.

Қ.Тоқаевтың айтуынша, Германия - Қазақстанның Еуропа құрлығындағы шешуші әріптесі болып табылады. "Біздің өзара әріптестігіміз ауқымды экономикалық ынтымақтастық тұғырына, белсенді саяси диалогқа, ғаламдық және аймақтық саясаттың шешуші мәселелері бойынша екі ел ұстанымының ортақтығына негізделеді",- деді ол.

"Илемдегі бәсекеге барынша қабілетті 50 елдің қатарына кіру жөніндегі стратегиялық мақсатқа сай біз ГФР-дың озық өнеркәсіптік және ғылыми-техникалық әлеуетін пайдаланудан мүдделіміз",- деді Қ.Тоқаев.

Министрдің айтуынша, кейінгі екі жылда Қазақстан мен Германия арасындағы тауар айналымы екі есе өсіп, 2006-жылдың қорытындысы бойынша 2 млрд. долларға жетті.

"Қазақстан Германияның БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің тұрақты мүшесі орнын иемденуге деген талпынысын қолдайды. Өз кезегінде біз Германия басшылығына Қазақстанның Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық жөніндегі ұйымына 2009-жылы төраға болуға ұсынған кандидатурасын қолдағаны үшін алғысымызды айтамыз",- деді Қ.Тоқаев.

Қазақстан СІМ-нің айтуынша, кездесу барысында тараптар халықаралық құрылымдар аясында екі елдің арақатынасын дамытуға келісті. "Халықаралық қарым-қатынас тұрғысында екі мемлекеттің ұстанымы көп жағдайда өзара қабысады. Исіресе бұл ядролық қару таратпау, экстремизм және лаңкестікпен күрес, аймақтық шиеленістерді реттеу мәселелеріне қатысты. Біз БҰҰ-ның шешуші ролін атай отырып, оны реформалау жөніндегі көзқарастарға бірігеміз",- деді Қ.Тоқаев.

Өз кезегінде Германия сыртқы істер министрі Франк-Вальтер Штайнмайер Еуропалық Одаққа басшылық жасауға дайындалып жатқан Германияның Орталық Азия аймағына үлкен қызығушылық танытып отырғанын, бұл өңірде өзінің экономикалық және саяси ықпалын өсіруден, демократиялық институттарды дамытуға қолдау көрсетуден, сондай-ақ, лаңкестікпен және басқа да қатер түрлерімен күресте жәрдемдесуден мүдделі екенін атап көрсетті.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны