28.09.2009, 17:29 2729

Қазақстан президенті 2 қазанда Изербайджан Республикасына ресми сапармен барады

Қазақстан президенті 2 қазанда Изербайджан Республикасына ресми сапармен барады

Астана. 28 қыркүйек. Kazakhstan Today - Изербайджан Республикасының президенті Ильхам Илиевтің шақыруымен 2 қазанда Қазақстан Республикасының президенті Нұрсұлтан Назарбаев аталмыш елге ресми сапармен барады деп жоспарлануда. Бұл туралы Астанада өткен брифингте ҚР Сыртқы істер министрлігінің баспасөз хатшысы Ілияс Омаров мәлім етті, деп хабарлайды Kazakhstan Today.

Екі ел басшылары екіжақты және көпжақты форматтағы Қазақстан мен Изербайжан арасындағы өзара ынтымақтастық перспективалары мәселелерін талқылауды жоспарлауда.

Сапар барысында энергетика, транзит пен көлік жүйелері, ауылшаруашылық, білім мен туризм, мұнай-газ құрал жабдықтарын өндіру, халықаралық теңіз кеме қатынасы (Каспий теңізі бойынша), әскери-өндірістік саладағы бірлескен транспорттық-логистикалық компанияларды құру сияқты мәселелерді де қарастыру көзделуде.

Аталмыш сапар Қазақстан-Изербайжан серіктестігіне және екіжақты қатынастардың барлық салаларына жаңа серпін береді деп күтілуде.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны