24.09.2007, 15:32 3193

Қазақстан президенті БҰҰ Бас Ассамблеясының 62-ші сессиясына қатысу үшін Нью-Йоркке жол тартты

Қазақстан президенті БҰҰ Бас Ассамблеясының 62-ші сессиясына қатысу үшін Нью-Йоркке жол тартты.

Астана. 24 қыркүйек. "Қазақстан Бүгін" - Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев БҰҰ Бас Ассамблеясының 18 қыркүйекте ұйымның бас пәтерінде басталған 62-ші сессиясына қатысу үшін Нью-Йоркке жол тартты.

Сессия аясында өтетін және мемлекет басшылары мен үкімет басшылары сөз сөйлейтін жалпы пікірсайыс 25 қыркүйекте басталады.

24-26 қыркүйек аралығында болатын Нью-Йоркке сапары барысында Елбасы Бас ассамблеяның сессиясына қатысатын өзге елдердің мемлекет және үкімет басшыларымен, БҰҰ Бас хатшысы Пан Ги Мунмен кездесулер өткізеді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны