27.08.2007, 15:36 2992

Қазақстан президенті БҰҰ Бас ассамблеясының Нью-Йоркте өтетін жыл сайынғы сессиясына қатысады

Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев БҰҰ Бас ассамблеясының Нью-Йоркте қыркүйекте өтетін жыл сайынғы сессиясына қатысады. Алдағы сапарды ұйымдастыру мәселелері бүгін Астанада мемлекеттік хатшы Қанат Саудабаевтың БҰҰ резидент-үйлестірушісі, БҰҰ Даму бағдарламасының Қазақстандағы тұрақты өкілі Шу Хаолянмен кездесуінде талқыланды.

"ҚАЗАҚСТАН БҮГІН". 27 тамыз. АСТАНА. Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев БҰҰ Бас ассамблеясының Нью-Йоркте қыркүйекте өтетін жыл сайынғы сессиясына қатысады. Алдағы сапарды ұйымдастыру мәселелері бүгін Астанада мемлекеттік хатшы Қанат Саудабаевтың БҰҰ резидент-үйлестірушісі, БҰҰ Даму бағдарламасының Қазақстандағы тұрақты өкілі Шу Хаолянмен кездесуінде талқыланды.

Мемлекет басшысының баспасөз қызметінің хабарлауынша, бүгін өткен кездесу барысында Қ. Саудабаев Қазақстанның "өзекті халықаралық проблемаларды шешуде Біріккен Ұлттар Ұйымының беделі мен ролінің барынша нығая түскенін қолдайтынын" атап өтті.

"БҰҰ басқа бірде-бір халықаралық ұйым немесе бір де мемлекет алмастыра алмайтын бірегей әмбебап ұйым. Президент Нұрсұлтан Назарбаев алға қойған стратегиялық бағдарға сәйкес еліміз Орталық Азиядағы жауапты аймақтық көшбасшы ел ретінде алдағы уақытта да ғаламдық қауіпсіздікті нығайтуға, адамзаттың тұрақты дамуын қамтамасыз етуге және осы салалардағы БҰҰ ролінің артуына үлес қоса бермек ниетте", - деп мәлімдеді Қ. Саудабаев.

Кездесу барысында донор елдердің ядролық сынақтардан зардап шеккен Семей өңірін сауықтыруға мейлінше тиімдірек атсалысуы қажеттігіне баса назар аударылды.

Бұған қоса Қазақстан мен БҰҰ Даму бағдарламасы арасындағы ынтымақтастық аясын кеңейтудің келешегі талқыланды. "Қазақстанның жаңаша даму кезеңінде БҰҰ Даму бағдарламасының іс-қызметі біздің мемлекетіміздің әлемдегі барынша дамыған әрі бәсекеге қабілетті елдерінің қатарына қосылу бағдарламасындағы басты басымдықтармен мейлінше тығыз байланысты болуға тиіс", - деп мәлімдеді ҚР мемлекеттік хатшысы.

Баспасөз қызметінің еске салып өткеніндей, ағымдағы жылы Қазақстан өзінің БҰҰ-ына мүшелікке өтуінің 15 жылдығын атап өтеді. Осы уақытта республика ұйымның Мыңжылдық даму мақсаттарына жету мен бейбітшілікті нығайтуға өзіндік үлесін қосқан бірқатар ірі халықаралық форумына қатысты. Қазақстанда транзит және транспорт мәселелері жөніндегі БҰҰ-ның халықаралық конференциясы өтіп Алматы іс-шаралар жоспары қабылданып, Қауіпсіздік кеңесінің контртеррорлық комитетінің отырысы мен БҰҰ-ның Азия және Тынық мұхиты аймағының елдері жөніндегі экономикалық комиссиясының (ЭСКАТО) 63-ші сессиясы өтті.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны