09.04.2010, 18:07 3182

Қазақстан президенті БҰҰ Даму бағдарламасының тұрақты өкілін 2-ші дәрежелі "Достық" орденімен марапаттау туралы жарлыққа қол қойды

Қазақстан президенті БҰҰ Даму бағдарламасының тұрақты өкілін 2-ші дәрежелі "Достық" орденімен марапаттау туралы жарлыққа қол қойды

Астана. 9 сәуір. Kazakhstan Today - Бүгін Қазақстан Республикасының президенті Н.Назарбаев БҰҰ үйлестірушісі, БҰҰ Даму бағдарламасының Қазақстандағы тұрақты өкілі Хаолянь Шуды 2-ші дәрежелі "Достық" орденімен марапаттау туралы жарлыққа қол қойды. Бұл туралы бүгін журналистерге арнап өткізілген қысқаша баспасөз мәслихатында ҚР СІМ-нің ресми өкілі Асқар Ибдірахманов құлағдар етті,- деп хабарлайды Kazakhstan Today.

Асқар Ибдірахмановтың хабарлауынша, ҚР мемлекеттік хатшысы-сыртқы істер министрі Қ.Саудабаев Қазақстандағы миссиясы аяқталуына орай БҰҰ үйлестірушісі, БҰҰ Даму бағдарламасының Қазақстандағы тұрақты өкілі Хаолянь Шуды қабылдады.

Сыртқы істер минстрлігінің басшысы БҰҰ үйлестірушісіне БҰҰ даму бағдарламасының тұрақты өкілі Қазақстандағы Координатор қызметін үш жылдай атқарғанына және ҚР мен БҰҰ арасындағы ынтымақтастықты нығайтқандығына өзінің алғысын білдірді.

Екіжақты кездесуде БҰҰ құрамдас бөлімдерімен біздің еліміздің арасындағы ынтымақтастықтың ағымдағы жағдайы мен келешегі талқыға салынды, сонымен қатар жақындағы БҰҰ Бас хатшысы Пан Ги Мунның Қазақстанға сапары барысында қол жеткізген келісімдерді жүзеге асыру мәселелері қарастырылды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны