22.12.2008, 15:54 2710

Қазақстан президенті Достастық елдерінің мемлекет басшыларына деген сенім рейтингінде алда келеді - ҚР СІМ

Қазақстан президенті Достастық елдерінің мемлекет басшыларына деген сенім рейтингінде алда келеді - ҚР СІМ

Астана. 22 желтоқсан. "Қазақстан Бүгін" - Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев Тәуелсіз МемлекеттерДостастығы елдерінің мемлекет басшыларына деген сенім рейтингінде алда келеді, деп хабарлайды агенттік тілшісі ҚР СІМ-нің Бүкілресейлік қоғамдық пікірді зерттеу (ВЦИОМ) орталығы Изербайжан, Армения, Беларусь пен Украинада жүргізген сауалнамасының мәліметтерін келтірген хабарламасына сілтеме жасап.

"Сенім рейтингіндегі" жетекші орын үшін күрес Украина, Қазақстан және Беларусь елдерінің президенттері арасында өрбіді. Изербайжан, Армения, Беларусь пен Украина тұрғындарының ТМД елдерінің жетекшілеріне көрсететін сенім деңгейін бағалауда Қазақстан президенті Н. Назарбаев көш басында келеді. ТМД аясындағы аталған зерттеуге қамтылған кеңістіктің әрбір төртінші тұрғыны (24%) оған деген өз сенімдерін білдірді", -деп хабарлайды баспасөз қызметі.

ҚР СІМ-нің хабарламасына сәйкес, сауалнама қорытындысы бойынша екінші орынды Беларусь президенті Александр Лукашенко иемденіп, оған сауалнамаға қатысқандардың 22% сенім білдірген. Ал Виктор Ющенко 13%-бен үштіктің соңында келеді.

Сонымен бірге, Н.Назарбаев ресейліктердің ТМД елдерінің лидерлеріне деген сенімінің рейтингінде де алда келеді. Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев ресейліктердің 35% -ның сеніміне ие болса, А.Лукашенко 44% сенімге ие болған.

Сонымен бірге, "ресейліктердің 51% тұрақты әрі табысты дамып келе жатқан ел ретінде Беларусьті, 40% - Қазақстанды атаған".

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны