11.06.2009, 17:15 3094

Қазақстан президенті "Эйр Франс" компаниясы ұшағының апатқа ұшырауына байланысты Николя Саркозиге және бүкіл француз халқына көңіл айтты

Қазақстан президенті "Эйр Франс" компаниясы ұшағының апатқа ұшырауына байланысты Николя Саркозиге және бүкіл француз халқына көңіл айтты

Астана. 11 маусым. "Қазақстан Бүгін" - Француз жағының бастамасы бойынша Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев пен Франция президенті Николя Саркози телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігі президенттің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, Нұрсұлтан Назарбаев адамдардың қазасына әкелген "Эйр Франс" компаниясы ұшағының апатқа ұшырауына байланысты Николя Саркозиге және бүкіл француз халқына көңіл айтты.

Мемлекет басшылары алдағы күзге межеленіп отырған Франция президенті Николя Саркозидің Қазақстанға ресми сапарының маңызына ерекше тоқталып өтті.

Мемлекет басшылары қазақ-француз ынтымақтастығының перспективасын талқылады. Бес жылда өзара сауда-саттық көлемі 10 есеге өсіп, 2008 жылы 6,2 млрд долларды құрағаны атап өтілді.

Францияның Қазақстан экономикасына жұмсаған жалпы инвестициясының көлемі 5,1 млрд долларды, соның ішінде тікелей инвестициялар 4,3млрд долларды құрайды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. «Қазақстан Бүгін» Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны