06.10.2009, 17:34 2920

Қазақстан президенті Франция Республикасы президентінің Бүкіләлемдік экологиялық ұйым құру жөніндегі бастамасын қолдайды

Қазақстан президенті Франция Республикасы президентінің Бүкіләлемдік экологиялық ұйым құру жөніндегі бастамасын қолдайды

Астана. 6 қазан. Kazakhstan Today - Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев Франция Республикасының президенті Николя Саркозидің Бүкіләлемдік экологиялық ұйым құру жөніндегі бастамасын қолдайды. Бұл туралы Қазақстан президенті бүгін Франция Республикасының президентінің қатысуымен өткен Қазақстан -Франция бизнес-форумы барысында мәлімдеді, деп хабарлайды Kazakhstan Today.

"Мен сіздің Бүкіләлемдік экологиялық ұйым құру жөніндегі бастамаңызды қолдаймын", - деді Н. Назарбаев Н. Саркозиге қарата айтқан сөзінде.

"Бізді әсіресе сіздің дамыған және дамушы елдердің арасында технолгияларды берудің тиімді тетігін жасау жөніндегі ұсынысыңыз қызықтырды", - деді ол.

Сондай-ақ, Қазақстан президенті "бұл бағытта Франциямен белсенді ынтымақтастық орнайтынына сенім білдірді".

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны