Система Orphus

Қазақстан президенті Израиль мен Палестинаны келіссөздерге шақырды

30.06.2009, 16:35 585

Астана. 30 маусым. "Қазақстан Бүгін" - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Таяу Шығыстағы Израиль мен Палестинаны келіссөздерге шақырды. Бұл туралы ол бүгін Ақордада Израиль президенті Шимон Переспен өткен келіссөздерден кейінгі баспасөз мәслихатында мәлім деді, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігі.

"Себепті өзгелерден іздеу әрқашан да жеңіл. Алайда, шиеленісті реттеу үшін біз өзіміз не істей аламыз дегенді білген жөн. Сол себепті Таяу Шығыста екі жақ бірдей талпынуға тиіс", деді Елбасы.

"Бір жақтың айтқаны екінші жақтың уәжіне мүлдем кереғар келіп жатқан жағдайда бейбітшілікке жету мүмкін емес. Сол себепті кез-келген дауды тек келіссөздер арқылы ғана бейбіт жолмен шешуше болады",- деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Н. Назарбаев Таяу Шығыстағы қайшылықты реттеу тұтас аймақ үшін маңызды мәселе екенін атап көрсетті. "Адам саналы болуға тиіс. Мұндай мәселелер зеңбіректің күшімен емес, зейінмен шешілуге тиіс. Израильдің басшылығы осы жөнінде ойланып жатыр деп білемін",- деді президент.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. «Қазақстан Бүгін» Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

При использовании информации, гиперссылка на информационное агентство Kazakhstan Today обязательна.

Комментарии

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны