12.04.2010, 10:14 1631

Қазақстан президенті Ядролық қауіпсіздік жөніндегі ғаламдық саммитке қатысу үшін келген мемлекет басшыларымен кездесулер өткізді

Қазақстан президенті Ядролық қауіпсіздік жөніндегі ғаламдық саммитке қатысу үшін келген мемлекет басшыларымен кездесулер өткізді

Астана. 12 сәуір. Kazakhstan Today - Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев Вашингтонға Ядролық қауіпсіздік жөніндегі ғаламдық саммитке қатысу үшін келген мемлекет басшыларымен кездесулер өткізді, деп хабарлайды Kazakhstan Today президенттің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, Үндістан Республикасының премьер-министрі Манмохан Сингпен кездесу барысында Қазақстан-Үндістан қарым-қатынастарының жай-күйі мен даму келешегі, сонымен қатар екі елдің ядролық қауіпсіздік жөніндегі әлемдік форум талқысына шығарылған АӨЫСШК және өзге де өңірлік ұйымдар шеңберіндегі өзара ықпалдастығының мәселелері талқыланды.

Үндістан премьер-министрі Қазақстанмен энергетика, ауыл шаруашылығы салаларындағы ынтымақтастықтың барысына қанағаттанатынын білдірді. ЕҚЫҰ-ға жетекшілік жасап отырған Қазақстанның әлемдік саясаттағы рөліне айрықша атап өтілді.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, сондай-ақ, Қазақстан президентінің Біріккен Араб Имірліктері әскери күштерінің Жоғарғы қолбасшысының орынбасары, Абу Дабидың мұрагер ханзадасы Мұхаммед бин Зайед әл Нахайянмен кездесуінде Қазақстан мен БАИ арасындағы екіжақты қарым-қатынастардың дамуы жөнінде әңгіме өтті.

Президент Нұрсұлтан Назарбаев сондай-ақ, ірі американдық компаниялардың жетекшілерімен - "КонокоФилипс" компаниясының директорлар кеңесінің төрағасы Дж.Малвомен және "Хэллибертон" компаниясының президенті Д.Лезармен кездесті.

Сұхбаттар кезінде америкалық бизнестің қазақстандық әріптестермен арадағы келешегі зор, өзара тиімді бағыттардағы инвестициялық ынтымақтастығын кеңейтудің кең көлемдегі мәселелері талқыланды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны