28.08.2009, 16:01 2587

Қазақстан президенті қыркүйек айында Изербайжанға ресми сапармен барады

Қазақстан президенті қыркүйек айында Изербайжанға ресми сапармен барады

Баку. 28 тамыз. Kazakhstan Today - Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев 30 қыркүйек пен 1 -қазан аралығында Изербайжанға ресми сапармен барады. Бұл туралы бүгін Қазақстанның Изербайжандағы төтенше және өкілетті елшісі Серік Пірімбетов баспасөз мәслихатында мәлім етті, деп хабарлайды Kazakhstan Today.

"Сапардың басты мақсаты - елдер арасындағы сауда-экономикалық қарым-қатынасты нығайту. Қазір осы сапардың егжей-тегжейі дәйектелуде", - деді дипломат.

Оның айтуынша, сапардың алдында Қазақстан - Изербайжан үкіметаралық комиссиясының отырысы өтеді, оның барысында Нұрсұлтан Назарбаевтың сапары кезінде қол қойылады деп жоспарланған құжаттар келісіледі.

"Егер егжей-тегжейі келісілсе, сапар барысында 6 - 7 құжатқа қол қойылады. Жобалары қазір жасалып жатқан келісімдердің арасында автокөлік қатынасы, теңіздегі кеме қатынасы, өнеркәсіп және энергетика, ауылшаруашылығы және мал дәрігерлік саладағы ынтымақтастық, ғылыми-техникалық саладағы ықпалдастық құжаттары бар", - деді елші.

Сондай-ақ, оның айтуынша, Н. Назарбаевтың сапары аясында Бакуде Қазақстан мен Изербайжанның іскерлік ортасы өкілдерінің қатысуымен бизнес форум өткізу жоспарлануда.

"Қазір бизнес форум өткізу мәселесі дәйектеліп, бағдарламасы жасалуда. Бұл форум екі елдің кәсіпкерлеріне өзара экономикалық байланысты одан әрі дамытуға қосымша серпін береді", - деді елші.

Оның хабарлауынша, сондай-ақ, Бакуге Қазақстан парламенті сенатының спикері сапармен келеді деп күтілуде, ол 28-29 қыркүйекте түркітілдес мемлекеттердің Парламенттік ассамблеясының саммитіне қатысады. Сапар аясында бірқатар екіжақты кездесулер жоспарланып отыр.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны