13.05.2009, 11:08 1475

Қазақстан президенті Корея Республикасының мемлекеттік наградасы - "Мугунхва" орденімен марапатталды

Қазақстан президенті Корея Республикасының мемлекеттік наградасы - "Мугунхва" орденімен марапатталды

Астана. 13 мамыр. "Қазақстан Бүгін" - Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев Корея Республикасының мемлекеттік наградасы - "Мугунхва" орденімен марапатталды, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігі президенттің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, Корея Республикасының президенті Ли Мен Бак Н. Назарбаевқа Корея Республикасының мемлекеттік наградасы - "Мугунхва" орденін (мәңгілік гүлдейтін раушангүл) табыс етті.

Өз кезегінде Қазақстан мен Оңтүстік Корея арасындағы достық қарым-қатынастың дамуына айрықша үлес қосқаны үшін Корея Республикасының президенті Ли Мен Бак Қазақстанның жоғарғы мемлекеттік наградасы - "Алтын Қыран" орденімен марапатталды.

Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, кеше Корея Республикасының басшысы Ли Мен Бак ресми сапармен Астанаға келді.

24 жасынан қызметке араласқан болашақ президент 12 жыл "Хендэ" фирмасында менеджерлік жұмыс атқарса, 15 жыл фирманың 8 компаниясында президент болыпты. 8 жыл Корея Ұлттық Ассамблеясының депутаты қызметінде жүріп, 2 жылдай жетекші оппозициялық партияда болып көріпті. 4 жыл Сеул қаласының мэрі болған. 2008 жылғы ақпанда 67 жасында Корея Республикасының президенті болып сайланған.

Сапар барысында Ли Мен Бактың Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевпен және бірқатар мемлекеттік органдардың жетекшілерімен, іскер топтардың өкілдерімен кездесулері жоспарланған. Сондай-ақ екіжақты құжаттарға қол қою, Қазақстан-Корея бизнес-форумына қатысу, екіжақты қатынастарды дамыту жөніндегі іс-қимыл жоспарын қабылдау көзделіп отыр.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. «Қазақстан Бүгін» Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны