28.09.2006, 10:02 2770

Қазақстан президенті мен АҚШ конгрессінің мүшелері екі ел арасындағы ынтымақтастық мәселелерін талқылады

ВАШИНГТОН. 28-қыркүйек. Kazakhstan Today. Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев пен АҚШ конгрессінің мүшелері кеше кешке қонақтарға арналған "Блэр Хауз" резиденциясының "Джексон Плэйс" залында екі ел арасындағы ынтымақтастық мәселелерін талқылады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агентігінің арнаулы тілшісі.

Қонақасы аяқталғаннан кейін резиденция алдындағы алаңға шыққан конгресс мүшелері баспасөзге арнап мәлімдеме жасады. Конгресмендердің арасында Канзас штатынан Сэм Браунбек, Нью-Джерси штатынан Джин Сакстон, Луизиана штатынан Мэри Ландрье, Калифорния штатынан Дэррилл Айсса, Юта штатынан Крис Кэннон, Алабама штатынан Роберт Адерхолт болды.

АҚШ конгрессінің мүшелері өз сөздерінде Қазақстанның тәуелсіздік жылдарында түрлі салаларда қол жеткізген таңғажайып табыстарын атап өтті. Олар сондай-ақ екі ел арасындағы ынтымақтастықтың тиімді болатынына сенім білдірді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны