16.04.2007, 13:23 2530

Қазақстан президенті мен Литва сыртқы істер министрі екі жақты ынтымақтастықтың келешегін талқылады

АСТАНА. 16-сәуір. Kazakhstan Today. Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев пен Литва сыртқы істер министрі Петрас Вайтекунас екі жақты ынтымақтастықтың келешегін талқылады, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі.

"Біз президент екеуіміз Литва мен Қазақстанның саяси, экономикалық және мәдени салалардағы екі жақты ынтымақтастығының келешегін талқыладық", деді Петрас Вайтекунас президентпен кездесуден кейін өткізілген брифингте. "Атап айтсақ, инвестициялар, энергетика, қуат көздерін шығаратын жолдарды әртараптандыру және энергетикалық қауіпсіздікке қол жеткізу жайын талқылап, көлік және егін шаруашылығы салаларындағы ынтымақтастыққа қатысты кең көлемді мәселелерді қарастырдық",- деді ол.

Литваның екі ел арасындағы байланыстарды нығайтуға деген қызығушылығын атап өткен елші "Қазақстанның экономикалық қуатына, экономика мен қоғамдық өмірдегі реформаларға қарай жетекші ел екенін" атап өтті.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны