15.06.2006, 08:58 2850

Қазақстан президенті мен Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттердің басшылары ұйым шеңберінде құрылған Іскерлік кеңестің қатысушыларымен жүздесті

АСТАНА. 15-маусым. Kazakhstan Today. Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев пен Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттердің басшылары таяуда құрылған Шанхай ынтымақтастық ұйымы Іскерлік кеңесінің қатысушыларымен кездесті, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі президенттің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Іскерлік кеңес қаржы, ғылыми-техника, энергетика, көлік, коммуникация, ауыл шаруашылығы, сауда және басқа да салалар бойынша Ұйым аясындағы экономикалық ынтымақтастықты жандандыру мақсатында құрылып отыр.

Іскерлік кеңестің өкілдерімен кездесуінде сөйлеген сөзінде Қазақстан президенті былай деп атап өтті:

- Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттер мен біздің елдеріміздің компаниялары және банктік құрылымдары шашырамай, елеулі ресурстар мен едәуір мемлекеттік қолдауды қажет ететін ірі халықаралық жобаларды іске асыруға мән бергені орынды болар еді.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны