16.02.2010, 12:22 1077

Қазақстан президенті нагорный-карабах шиеленісін реттеу бойынша Изербайжан президентіне өз ұсыныстарын жолдады

Қазақстан президенті нагорный-карабах шиеленісін реттеу бойынша Изербайжан президентіне өз ұсыныстарын жолдады

Алматы. 16 ақпан. Kazakhstan Today - Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев нагорный-карабах шиеленісін реттеу бойынша Изербайжан президенті Ильхам Илиевке өз ұсыныстарын жолдады, деп хабарлайды Kazakhstan Today мемлекетаралық "Мир" телерадиокомпаниясына сілтеме жасап.

Телерадиокомпанияның хабарлауынша, 15 ақпанда Бакуге сапары барысында Қазақстан сыртқы істер министрі әрі ЕҚЫҰ төрағасы Қанат Саудабаев Изербайжан президентімен кездесіп, оған Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың нагорный-карабах шиеленісін реттеу бойыншаұсыныстарын жеткізді.

Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, Астана, ЕҚЫҰ-ына қазіргі төраға ел ретінде, егер тараптар өзара уағдаластықтарға бағынған жағдайда, 2010 жыл нагорный-карабах шиеленісін шешуде бетбұрысты жыл болады деп үміттенеді. Бұл туралы кеше ҚР мемлекеттік хатшысы әрі сыртқы істер министрі, қазіргі ЕҚЫҰ төрағасы Қанат Саудабаев Бакуге жасаған ресми сапары барысында Изербайжан сыртқы істер министрі Эльмар Мамедъяровпен жүргізілген келіссөздердің қорытындысы бойынша өткен брифингте мәлім етті.

"Біз аталған шиеленісті реттеу үшін қолда бар мүмкіндіктерді толық пайдаланатын боламыз, Афиныдағы соңғы мәмілелер, Изербайжан мен Армения президенттерінің Сочидегі кездесуі бізге оптимизм сыйлайды", - деді Қ. Саудабаев.

"Бұл - менің қазіргі ЕҚЫҰ төрағасы ретіндегі бірінші сапарым, және мен Изербайжанға Қазақстанның төрағалығымен қолдау көрсеткені үшін ризашылығымды білдіремін", - деді ол.

Қ. Саудабаевтың айтуынша, сапар барысындағы бір басты мақсат - нагорный-карабах шиеленісін реттеу бойынша барлық проблемалар топтамасын айқын көру. "Бұл - ЕҚЫҰ төрағасы ретінде Қазақстан үшін басымдықтардың бірі, ел президенті Нұрсұлтан Назарбаев бұл шиеленіске деген назарын бәсеңсіткен емес. Біз мәселенің тарихын білеміз және оны шешу үшін қолда бар ресурстарды толық пайдаланатын боламыз", - деді ол.

Оның айтуынша, әзербайжандық әріптесімен арадағы келіссөздер конструктивті жағдайда өткен, енді президентпен кездесу өтеді деп күтілуде.

Еске сала кетейік, 1988 жылы Нагорный-Карабах облыстық халықтық депутаттар кеңесі Нагорный Карабахты Изербайжан құрамынан шығарып, оны Армения құрамына енгізуді талап ете бастады. Lenta.ru порталының хабарлауынша, мұндай шешім жаппай ұлтаралық қақтығысқа түрткі болып, оның соңы 1989 жылдың аяғында кең көлемді әскери қақтығысқа алып келді. Соғыс кезінде 40 мың адам қаза тауып, бір миллиондай адам босқынға айналды.

1994 жылдың мамыр айында тараптар атысты тоқтату туралы келісімге келді және ЕҚЫҰ Минск тобының басшылығымен, Ресей, Франция және АҚШ-тың тең төрағалығымен бейбіт келіссөздер бүгінгі күнге дейін жалғасуда.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны