19.10.2009, 18:36 3149

Қазақстан президенті осы аптада Түркияға ресми сапармен барады

Қазақстан президенті осы аптада Түркияға ресми сапармен барады

Астана. 19 қазан. Kazakhstan Today - Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев қазанның 21 мен 24 аралығында Түркияға ресми сапармен барады, деп хабарлайды Kazakhstan Today ҚР СІМ хабарламасына сілтеме жасап.

"Сапар аясында саяси, сауда-экономикалық және ғылыми-технологиялық салалардағы бірқатар екі жақты құжаттарға қол қойылып, екі елдің іскерлік өкілдерінің қатысуымен қазақ-түрік бизнес-форумын өткізу жоспарлануда", -деп хабарлайды баспасөз қызметі.

Сапар барысында Нұрсұлтан Назарбаев Түркия Республикасының президенті Абдулла Гюльмен, ел премьер-министрі Реджеп Тайип Эрдоганмен, Түркия парламентінің төрағасы Мехмет Али Шахинмен, сондай-ақ, Түркияның негізгі саяси партиялары мен қоғамдық ұйымдарының жетекшілерімен кездеседі деп күтілуде. "Сапар барысында мемлекет басшысы Анкарада орын тепкен ТҮРІКСОЙ бас пәтерінде болмақ. Сондай-ақ, Нұрсұлтан Назарбаев Түркияның тоғызыншы президенті С. Демирелмен кездеседі деп күтілуде", - делінген ҚР СІМ хабарламасында.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны