05.03.2007, 16:56 3530

Қазақстан президенті ресми сапармен Мысырға барады

АСТАНА. 5-наурыз. Kazakhstan Today. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев 11-14-наурызда Мысыр Араб Республикасына ресми сапармен барады.

Бүгін журналистерге арнап өткізілген қысқаша баспасөз мәслихатында ҚР СІМ-нің ресми өкілі Ержан Ашықбаев құлағдар еткеніндей, сапар барысында "жоғары деңгейдегі келіссөздер барысында екі жақты ынтымақтастықты түрлі салаларда тереңдету жолдары талқыланады". Президент сапарының қорытындысы бойынша бірқатар келісімдерге қол қойылады.

СІМ өқкілінің айтуынша, "Мысыр президенті Хосни Мубарактың өткен жылғы қараша айында Қазақстанға жасаған ресми сапары екі мемлекет арасындағы қарым-қатынасты сапалық жоғары деңгейге көтеруге және Қазақстан мен Мысыр арасындағы ынтымақтастыққа тың серпін берді".

"Қазақстан мен Мысыр Азиядағы өзара сенім және ықпалдастық шаралары жөніндегі келісім ұйымы мен Илемдік және дәстүрлі діндер жетекшілерінің сьезі шеңберінде жемісті ынтымақтастық орнатқан. Өз кезегінде Астана Таяу Шығыстағы ахуалды реттеуге, Таяу Шығыс аймағындағы қауіпсіздік пен тұрақтылықты нығайтуға бағытталған Каирдің ұстанымын қолдайды",- деді Е.Ашықбаев.

Оның айтуынша, "екі ел арасындағы сауда саласындағы ынтымақтастық қарқынды дамып келеді". "2007-жылы Мысыр нарығында Қазақстаннан 1 млн тоннадан астам бидай жеткізу межеленген",- деді ол.

Е.Ашықбаевтың айтуынша, "екі елдің мәдениет саласындағы ықпалдастығында қазақтың даңқты ұлы, Мысыр мен Сирияның 13 -ғасырдағы атақты билеушісі Сұлтан Бейбарыстың тарихи мұрасы туралы тақырып айрықша маңызды. Қазірде Мысыр үкіметі бірегей сәулет өнерінің ескерткішін жөндеу жұмыстарын жүргізуде. Осыған байланысты республика үкіметі Каир қаласындағы Сұлтан Бейбарыс мешітін қайта жөндеуге қаржы бөлу туралы шешім қабылдады".

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны