14.04.2010, 12:48 1411

Қазақстан президенті саммитке қатысушы бірқатар мемлекеттердің басшыларымен кездесті

Қазақстан президенті саммитке қатысушы бірқатар мемлекеттердің басшыларымен кездесті

Астана. 14 сәуір. Kazakhstan Today - Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев Ядролық қауіпсіздік мәселесі жөніндегі жаһандық саммит жұмысына қатысушы бірқатар мемлекеттердің басшыларымен кездесіп, әңгімелесті, деп хабарлайды Kazakhstan Today президенттің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, мемлекет басшысы АҚШ вице-президенті Джозеф Байденмен, Армения президенті Серж Саргсянмен, Халықаралық атом энергиясы агенттігінің (МАГАТЭ) бас директоры Юкия Аманомен әңгімелесті.

Иордания Королі Абдалла II кездесуде қазақстан-иордания сауда-экономикалық ынтымақтастығы мен өзара іс-қимылын дамыту мәселесі талқыланды. Сондай-ақ екі ел көшбасшыларының назары Вашингтон саммитінің барысы мен оған қатысуышылар тарапынан енгізілген мәселелердің қаралу жайына ойысты.

Мемлекет басшысының Ресей Федерациясының президенті Дмитрий Медведевпен және Украина президенті Виктор Януковичпен үш жақты кездесуінде үш елдің ТМД аясындағы өзара іс-қимыл мәселесі, үш жақты ынтымақтастықты тереңдету преспективалары талқыланды.

Франция президенті Николя Саркозимен кездесуде өзара мүдделестік тудыратын барлық бағыттар бойынша қазақстан-француз өзара іс-қимылын кеңейту, Франция президентінің Қазақстанға жасаған таяудағы сапары барысында қол жеткізілген келісімдерді жүзеге асыру туралы әңгіме болды. Ядролық қауіпсіздік мәселесі бойынша жаһандық саммиттің күн тәртібіндегі мәселелер, Астанада ЕҚЫҰ саммитін өткізуге дайындық барысы және халықаралық қарым-қатынастардың өзге қырлары туралы пікір алмасылды.

Мемлекет басшысының Жапония премьер-министрі Юкио Хатаямамен кездесуінде Қазақстан мен Жапония арасындағы қарым-қатынастардың ағымдағы жай-күйі мен дамыту перспективасы талқыланды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны