16.06.2009, 09:45 1390

Қазақстан президенті ШЫҰ жұмысына бақылаушы-мемлекеттердің іс жүзінде қатысуын қамтамасыз ету мен заңсыз көші-қон проблемасын шешудің маңызын атап өтті

Қазақстан президенті ШЫҰ жұмысына бақылаушы-мемлекеттердің іс жүзінде қатысуын қамтамасыз ету мен заңсыз көші-қон проблемасын шешудің маңызын атап өтті

Астана. 16 маусым. "Қазақстан Бүгін" - Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев кеше Шанхай ынтымақтастық ұйымының екі күндік саммитіне қатысу үшін Ресейдің Екатеринбург қаласына келді, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігі президенттің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Кеше осылайша ШЫҰ-ға мүше елдердің мемлекет басшылары кеңесінің шағын құрамдағы отырысы болып өтті. Қазақстан, Қытай, Қырғызстан, Тәжікстан, Ресей және Өзбекстан көшбасшылары Шанхай ынтымақтастық ұйымына қатысушы елдердің қауіпсіздікті қамтамасыз ету, халықаралық лаңкестікке қарсы әрекет ету, сауда-экономикалық ынтымақтастықты дамыту мен нығайту салаларындағы өзара іс-қимылының өзекті мәселелерін талқылады.

Отырыста сөйлеген сөзінде Нұрсұлтан Назарбаев әріптестерінің назарын өңірлік қауіпсіздік мәселелеріне аударды. Оның пікірінше, ШЫҰ Ауғанстандағы жағдайды тұрақтандыру үдерісіне белсенді қатысуға тиіс, өйткені, бүкіл өңірдегі бейбітшілік пен тұрақтылық осы елдегі ахуалға байланысты болып отыр.

Қазақстан президенті сондай-ақ ШЫҰ жұмысына бақылаушы-мемлекеттердің іс жүзінде қатысуын қамтамасыз ету мен заңсыз көші-қон проблемасын шешудің маңызын атап өтті.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. «Қазақстан Бүгін» Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны