30.03.2010, 13:15 2812

Қазақстан президенті Словакияны маңызды әрі келешегі зор әріптес деп атады

Қазақстан президенті Словакияны маңызды әрі келешегі зор әріптес деп атады

Астана. 30 наурыз. Kazakhstan Today - Қазақстан президенті Словакияны маңызды әрі келешегі зор әріптес атайды. Бұл туралы Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев бүгін Ақордада Словакия президенті Иван Гашпаровичпен кездесуде мәлім етті, деп хабарлайды Kazakhstan Today.

"Шағын құрамдағы келіссөздерде біз екі ел ынтымақтастығының ауқымды әлеуеті бар екендігі туралы жалпы пікірге тоқталдық. Қазақстан Словакияны Еуропалық одақтағы маңызды әрі келешегі зор әріптес ретінде қарастырып отыр", деп атап өтті Елбасы.

Мемлект басшысы 2007 жылы Словакияға жасаған ресми сапары кезінде қол жеткізілген келісімдер екі ел экономикасы мен саясаты арасындағы қарым-қатынасты тереңдету тұрғысында елеулі жағдай туғызғанын атап өтті.

"Біздің қарым-қатынасымыздың дамуына жақсы қарқын бере алдық. Сондай-ақ екі ел арасындағы үкіметаралық комиссия белсенді түрде жұмыс істеуде", деді президент.

Бүгінде Қазақстанда словакиямен бірлескен 17 компания жұмыс істейді. "Дағдарысқа қарамастан екі ел арасындағы сауда көлемі өткен жылы 10 пайызға артып, 1,2 млрд АҚШ долларын құрады. Жалпы, 2003-2009 жылдары өзара сауда көлемі 10 пайызға өскен. Бұл - жақсы көрсеткіш", деді Н. Назарбаев.

Елбасы Словакия президентінің бұл сапары екі ел ынтымақтастығындағы әлеуетті арттыруға оң серпін беретініне сенім білдірді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны