07.04.2009, 17:53 3082

Қазақстан президенті үстіміздегі жылдың қыркүйегінде Түркияға сапармен барады деп жоспарланған

Қазақстан президенті үстіміздегі жылдың қыркүйегінде Түркияға сапармен барады деп жоспарланған

Астана. 7 сәуір. "Қазақстан Бүгін" - Қазақстан президенті үстіміздегі жылдың қыркүйегінде Түркияға сапармен барады деп жоспарланған. Бұл туралы Стамбулдағы Өркениеттер альянсының екінші жиыны жұмысының соңында Қазақстан Республикасы парламенті сенатының төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев пен Түркия Республикасының президенті Абдулла Гүлдің кездесуі кезінде айтылды, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі сенаттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, кездесу кезінде А.Гүл екі елдің екіжақты қарым-қатынастарының даму деңгейіне қанағаттанғандығын жеткізе отырып, Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевқа ізгі тілектестігін білдіре келе үстіміздегі жылдың қыркүйегінде Түркияға жоспарланған сапарын тағатсыздана күтетінін хабарлады.

"Қазір үкіметтер алдында тауар айналымын екі есе ұлғайту және оны 5 миллиард долларға дейін жеткізу міндеі тұр, бұл - қол жететін меже",-деді Түркия президенті.

Қазақстанның халықаралық бастамаларын жоғары бағалай отырып А.Гүл таулы Қарабақ қақтығысын шешу үшін президент Н.Назарбаевтың халықаралық зор беделін пайдаланға ықыласты екенін білдірді.

Осыған байланысты төраға түрік басшысын осы мәселені реттеуге бітімгер ретінде 1991 жылы Қазақстан іске кіріскен кездегі президент Н.Назарбаевтың күш-жігері туралы хабардар етті, делінген хабарламада.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. «Қазақстан Бүгін» Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны