17.06.2006, 16:44 2681

Қазақстан президенті Ұжымдық қауіпсіздік жөніндегі келісім ұйымының Ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің Минск қаласында өтетін сессиясына қатысады

АЛМАТЫ. 17-маусым. Kazakhstan Today. Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев Ұжымдық қауіпсіздік жөніндегі келісім ұйымының Ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің Минск қаласында 23-маусымда өтетін сессиясына қатысады. Бұл туралы Kazakhstan Today тілшісіне президенттің баспасөз қызметінен хабарлады.

Сессияға Ұжымдық қауіпсіздік жөніндегі келісім ұйымына мүше барлық елдердің президенттері қатысады деп күтілуде. Қазіргі жағдаймен ұйымға Армения, Беларусь, Қазақстан, Ресей, Тәжікстан және Қырғызстан мүше.

Беларусь СІМ-нің ақпаратына сәйкес, сессия Ұжымдық қауіпсіздік жөніндегі келісім ұйымына мүше елдердің мемлекет басшыларының тар ауқымдағы кездесуінен басталады. Бұдан кейін президенттер сыртқы істер министрлері, қорғаныс министрлері мен қауіпсіздік кеңесі хатшыларының қатысуымен бірлескен жалпы отырыс өткізеді.

Ұжымдық қауіпсіздік жөніндегі келісім ұйымының Ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің сессиясы барысында президенттер ұйым іс-қызметінің алдағы жылға арналған басым бағыттары, халықаралық қауіпсіздік құрылымындағы Ұжымдық қауіпсіздік жөніндегі келісім ұйымының орны мен ролі, халықаралық қауіпсіздік саласында жұмыс істейтін басқа ұйымдармен ынтымақтастықтың келешегі туралы талқылап, ұйым шеңберінде бұған дейін қабылданған шешімдерді жүзеге асырылуына және Ұжымдық қауіпсіздік жөніндегі келісім ұйымының қазіргі заманғы қауіп-қатерлерге шұғыл әрі лайықты жауап беру қабілетіне баға береді.

Сессияның алдында 22-маусымда Ұжымдық қауіпсіздік жөніндегі келісім ұйымының
сыртқы істер министрлерінің кеңесі, қорғаныс министрлерінің кеңесі мен қауіпсіздік кеңесі хатшылары комитетінің отырысы өтіп, олардың барысында Ұжымдық қауіпсіздік жөніндегі келісім ұйымының мемлекет басшыларының қарауына ұсынылатын шешімдердің жобасы мақұлданып, аталған жарғылық органдардың құзыреті аясындағы басқа да шешімдер бекітіледі.

Ұжымдық қауіпсіздік жөніндегі келісім ұйымының процедуралары тәртіптеріне сәйкес, Минск сессиясы барысында ұйымға төрағалық жасау құқығы бір жылға Беларусь елінің иелігіне өтеді.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны