09.04.2010, 17:37 3673

Қазақстан президенті Вашингтонда өтетін Ядролық қауіпсіздік жөніндегі ғаламдық саммитке қатысады

Қазақстан президенті Вашингтонда өтетін Ядролық қауіпсіздік жөніндегі ғаламдық саммитке қатысады

Астана. 9 сәуір. Kazakhstan Today - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Вашингтонда өтетін Ядролық қауіпсіздік жөніндегі ғаламдық саммитке қатысады. Бұл туралы бүгін журналистерге арнап өткізілген қысқаша баспасөз мәслихатында ҚР СІМ-нің ресми өкілі Асқар Ибдірахманов құлағдар етті,- деп хабарлайды Kazakhstan Today.

"Мемлекет басшысы 11-14 сәуірде Вашингтонда өтетін Ядролық қауіпсіздік жөніндегі ғаламдық саммитке қатысады және АҚШ президенті Барак Обамамен келіссөздер жүргізеді. Сондай-ақ, Елбасы ғаламдық саммитке қатысатын бірқатар елдердің басшыларымен жүздеседі",- деді Асқар Ибдірахманов.

Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, Вашингтонда өтетін Ядролық қауіпсіздік жөніндегі ғаламдық саммит шеңберінде Нұрсұлтан Назарбаевтың Түркия премьер-министрі Реджеп Ердоғанмен кездесуі жоспарланған.

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев жұмыс сапарымен Бельгия Корольдігінің астанасы - Брюссель қаласына жүріп кетті.

Президенттің жұмыс сапарының бағдарламасында 10-сәуірде Еуропалық инвестициялық банктің президенті Филипп Майштадпен кездесу көзделген. Бұдан кейін Еуропалық кеңестің бірінші президенті Херман ван Ромпеймен жұмыс бабындағы жүздесу өтеді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны