19.10.2006, 19:00 3136

Қазақстан президенті желтоқсанда Брюссельге сапармен барады деп күтілуде

АСТАНА. 19-қазан. Kazakhstan Today. Қазақстан президенті 2006-жылғы желтоқсанда Брюссельге сапармен барады деп күтілуде. Бұл туралы бүгін Еуропалық комиссияның сыртқы байланыстар және Еуропадағы көршілестік саясат жөніндегі комиссары Бенита Ферреро-Вальднер журналистерді құлағдар етті, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі.

"Біз Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың желтоқсанда Брюссельге жасайтын сапарын асыға күтудеміз. Президентті онда Еуропалық комиссияның президенті қабылдайды",- деді Бенита Ферреро-Вальднер Елбасымен кездесуден кейінгі баспасөз мәслихатында.

Еурокомиссия комиссарының айтуынша, ел президентімен бүгінгі кездесу барысында "одан әрі жалғасын тапқан саяси диалогқа қатысты" мәселелер талқыланды. "Мен президентті саяси реформаларды ілгерілету мен Қазақстанның Дүниежүзілік сауда ұйымына мүшелікке өтуіне Еуропалық Одақ бұдан былай да қолдау көрсете береді деп сендірдім. Қазақстан Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық жөніндегі ұйымына 2009-жылы төраға болу ниетін ашық білдірді. Бұл - мақтауға тұрарлық талпыныс деп санаймыз",- деді Еурокомиссияның комиссары.

Кездесу барысында Қазақстан мен Еурорпалық елдердің "энергетикалық ресурстар, қоршаған ортаны қорғау және ғылым мен технология салаларындағы" ынтымақтастығына қатысты мәселелер талқыланды. "Біз Еуропалық Одақтың "Галилей" спутниктік навигациялық жобасы аясында бірлесіп жұиыстар атқарамыз дегенге сенеміз",- деді комиссар.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны