17.09.2007, 14:12 1341

Қазақстан президентін Сириядағылар сапармен келеді деп күтуде

Қазақстан президентін Сириядағылар сапармен келеді деп күтуде. Бұл туралы бүгін Сирия Араб Республикасының сыртқы істер министрі Уалид аль-Муаллим ҚР СІМ Марат Тәжинмен кездесуден кейін өткен брифингте хабарлады.

Астана. 17 қыркүйек. "Қазақстан Бүгін" - Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевты Сириядағылар сапармен келеді деп күтуде. Бұл туралы бүгін Сирия Араб Республикасының сыртқы істер министрі Уалид аль-Муаллим ҚР СІМ Марат Тәжинмен кездесуден кейін өткен брифингте хабарлады.

"Менің сапарымның басты мақсаты - Қазақстан президентінің алдағы Сирия сапарына дайындыққа саяды", -деді Уалид аль-Муаллим. "Атап айтсақ, қазақстандық министрмен келіссөздер барысында біз екі жақты қарым-қатынастың нормативтік-құқықтық базасын жетілдіру қажеттігін атап өтіп, сауда- экономикалық және мәдени-гуманитарлық ынтымақтастық жөніндегі келісімдердің жобасын дайындау жайын талқыладық", - деді ол.

ҚР СІМ-нің мәліметінше, Қазақстан мен Сирия арасындағы тауар айналымы 2006 жылы 16,8 млн долларды, соның ішінде экспорт - $16 млн, импорт - $800 мың құрады. 2007 жылдың қаңтар-мамыр айларында тауар айналымы 15,5 млн долларды құрады.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны