30.11.2006, 10:32 5623

Қазақстан президентінің Иорданияға ресми сапары жалғасуда

АСТАНА. 30-қараша. Kazakhstan Today. Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Иорданияға үш күндік ресми сапары жалғасуда, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігі Елбасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің мәліметінше, кеше түстен кейін Нұрсұлтан Назарбаев король Хусейн I Абдалла және Талал корольдердің кесенесіне гүл шоқтарын қойды.

Оған қоса президент Амман қаласының әкімдігіне барды. Амман тұрғындарының атынан Иордания астанасының мэрі Омар аль Маани Елбасына қаланың символикалық кілтін тапсырды.

"Астана мен Амман арасындағы бауырластық жөніндегі келісім , біздің қарым -қатынасымыздың дамуын айғақтайтын карта болып табылады. Бүгінгі таңда Астана елдің экономикалық және саяси дамуына серпін беретін , жедел дамып жатқан қала. Амман осы аймақтағы көне елді мекендердің бірі, бүгінгі таңда ол да қарқынды дамып келеді. Біз барлық салада ынтымақтастығымызды нығайтуға дайынбыз",-деді Амман қаласының мэрі.

Осыған дейін хабарлағанымыздай, кеше таңертең Қазақстан президенті мен Иордания королі Абдалла II келіссөздер жүргізді. Келіссөздер барысында екі жақты қарым қатынастың , Қазақстан мен Иордания арасындағы ынтымақтастық пен ықпалдастық жолдарын нығайту мәселелері талқыланды.

Атап айтқанда, тараптар екі елдің дипломатиялық өкілдігін елшілік деңгейінде құру, қазақстандық және иорданиялық кәсіпкерлердің Іскерлік кеңесін құру туралы және мәдени-қайырымдылық саладағы ынтымақтастықты жандандыру жөнінде келісті.

Келіссөздер қорытындысы бойынша білім және ғылым саласындағы ынтымақтастық жөніндегі үкіметаралық келісімге , үкіметтер арасындағы екі жақты ынтымақтастық туралы, сауда экономикалық ынтымақтастық, инвестицияны қорғау және ынталандыру жөнінде, сондай ақ Қазақстанның білім және ғылым министрлігі мен Иорданияның жастар ісі жөніндегі жоғарғы кеңесі арасындағы жастар саясаты саласындағы ынтымақтастық туралы келісімге қол жетті.

Екі елдің жетекшілері біріккен мәлімдеме қабылдады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны