09.04.2009, 17:38 2982

Қазақстан президентінің ҚХР-ға сапары барысында бірқатар құжаттарға, соның ішінде энергетикалық ынтымақтастық саласында несиелер беру жөніндегі құжатқа қол қою жоспарлануда - Чэн Гопин

Қазақстан президентінің ҚХР-ға сапары барысында бірқатар құжаттарға, соның ішінде энергетикалық ынтымақтастық саласында несиелер беру жөніндегі құжатқа қол қою жоспарлануда - Чэн Гопин

Астана. 9 сәуір. "Қазақстан Бүгін" - Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың ҚХР-ға сапары барысында бірқатар құжаттарға, соның ішінде энергетикалық ынтымақтастық саласында несиелер беру жөніндегі құжатқа қол қою жоспарлануда. Бұл туралы бүгін Астанада өткен брифингте Қазақстандағы Қытай елшісі Чэн Гопин мәлім етті, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі.

"Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың сапарының маңыздылығы мынадай себептермен түсіндіріледі: біріншіден, екі елдің мемлекет басшылары Қазақстан мен Қытайдың әріқарайғы ынтымақтастығын стратегиялық көзқараспен зерттей жоспарлап, өзара қарым-қатынастың алыс келешегін болжайды. Екіншіден, тараптар өзара ықпалдастықты нығайту мен экономикалық ынтымақтастықтың деңгейін көтеру жөнінде маңызды тұжырымға келмек", - деді Ч. Гопин.

"Дайындық жұмыстарының барысына қарағанда, сапар барысында тараптар түрлі салалардағы, соның ішінде энергетикалық ынтымақтастық саласында несиелер беру жөніндегі бірқатар тарихи маңызды құжаттарға қол қояды", - деді ол.

"Сапар барысында бұған қоса ауылшаруашылығы саласындағы ынтымақтастыққа қатысты мекемеаралық құжаттарға қол қойылады. Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың сапары, осының бәріне қарағанда, аса маңызды әрі жемісті болып, Қазақстан мен Қытай арасындағы қарым-қатынастың одан әрі дамуына үлкен ықпалын тигізбек", - деді елші.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. «Қазақстан Бүгін» Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны