21.02.2011, 17:37 4604

Қазақстан президентінің ҚХР-на мемлекеттік сапары басталды

Бүгін Қазақстан Республикасының президенті Нұрсұлтан Назарбаевтің ҚХР-на мемлекеттік сапары басталды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Астана. 21 - ақпан. Kazakhstan Today - Бүгін Қазақстан Республикасының президенті Нұрсұлтан Назарбаевтің ҚХР-на мемлекеттік сапары басталды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

ҚазАқпарат агенттігінің хабарлауынша, Бейжіңнің "Шоуду" халықаралық әуежайында Мемлекет басшысын Қытай Халық Республикасының Сыртқы істер министрі Ян Цзечи, Қытай Халық Республикасының Қазақстан Республикасындағы елшісі Чжоу Ли және Қытай Халық Республикасындағы Қазақстан елшісі Икрам Адырбеков қарсы алды.

Бүгін кешке "Дяоюйтай" мемлекеттік резиденциясында Қазақстан Президентінің Қытай Халық Республикасының Төрағасы Ху Цзиньтаомен бейресми кездесуі болады. Қазақстан тарапынан іс-шараға Қ.Саудабаев, Ө.Шөкеев, Қ.Келімбетов, Н.Ермекбаев және И. Адырбеков қатысады.

Сейсенбі, 22 ақпан күні сапардың ресми бөлімі басталады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны