13.10.2006, 15:45 3138

Қазақстан президентінің Қытайға сапары аясында бірқатар маңызды құжаттарға қол қойылады - Тоқаев

АСТАНА. 13-қазан. Kazakhstan Today. Қазақстан президентінің Қытайға сапары аясында бірқатар маңызды құжаттарға қол қойылады. Бұл туралы ҚР СІМ Қасымжомарт Тоқаев елімізде жұмыс сапарымен жүрген Бүкілқытай халық өкілдері жиналысының сыртқы байланыстар жөніндегі комитетінің төрағасы Цзян Эньчжумен кездесуде мәлімдеді, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі.

"Бұлар екі елдің стратегиялық әріптестігін дәлелдейтін аса маңызды құжаттар",- деді министр.

Қ.Тоқаевтың айтуынша, сапар барысында халықаралық ынтымақтастық декларациясына және Қазақстан-қытай шекаралық режиміне қатысты құжатқа қол қойылады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны