11.09.2007, 16:02 3224

Қазақстан президентінің Түрікменстанға ресми сапары басталады

Қазақстан президентінің Түрікменстанға ресми сапары басталады.

"ҚАЗАҚСТАН БҮГІН". 11 қыркүйек. АЛМАТЫ. Бүгін Қазақстан Республикасының президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Түрікменстанға екі күндік ресми сапары басталады, деп хабарлайды "ҚАЗАҚСТАН БҮГІН" агенттігінің тілшісі.

Бұрын хабарлағанымыздай, сапар аясында екі ел басшыларының арасында шағын және кеңейтілген құрамдағы келіссөздер жүргізіледі. Кездесу қорытындысы бойынша, бірқатар екі жақты құжаттарға, соның ішінде ең негізгісі - бірлескен қазақ-түрікмен коммюникесіне қол қойылады.

"Түрікменстан мен Қазақстан басшыларының кезекті кездесуі көршілердің, достардың арасындағы, ал қазір стратегиялық серіктестердің арасындағы диалогты бұған дейінгі жоғары деңгейдегі келіссөздер де өткен сенімді әрі конструктивті ауанда жалғастыра түсуді мұрат тұтады және ол көп жағдайда екі жақты ынтымақтастықтың сипатын айқындап береді",- деп айтылған Turkmenistan.ru. сайты сөздәйек ретінде келтірген Тәжікстанның Мемлекеттік ақпарат қызметінің хабарламасында.

Тәжікстанның Мемлекеттік ақпарат қызметі, екі ел басшыларының қыркүйектегі кездесуі ТМД мен ШЫҰ саммиті аясында өткен кездесулерді қосқанда үстіміздегі жылдағы алтыншы кездесу болып табылатындығын еске сала кетті. Гурбангулы Бердымухамедовтың үстіміздегі жылдың көктеміндегі Қазақстанға ресми сапары барысында 50-ден астам нормативтік-құқықтық құжаттар тізімі тағы 6 екіжақты құжатқа, оның ішінде 2020 жылға дейінгі Сауда-экономикалық, ғылыми-техникалық және мәдени ынтымақтастық туралы келісіммен толыққан болатын. Бұл құжат халықаралық транспорттық дәліздер мен коммуникацияларды өзара тиімді пайдалануды, сондай-ақ бірлескен инвестициялық жобаларды жүзеге асыруды қарастырады. Ең келешегі зор жобалардың қатарына қуат көздерін дүниежүзілік нарыққа бірлесіп шығаруды, сондай-ақ Солтүстік - Оңтүстік транспорттық дәлізін құруды қамтамасыз ететін Каспий газ құбырын салу жатқызылған болатын.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны