01.10.2009, 15:57 2424

Қазақстан президентінің Изербайжанға сапары аясында қол қоюға бес құжаттың жобасы ұсынылып отыр

Қазақстан президентінің Изербайжанға сапары аясында қол қоюға бес құжаттың жобасы ұсынылып отыр

Баку. 1 қазан. Kazakhstan Today - Баку қаласында 1 қазанда өткен Экономикалық ынтымақтастық мәселелері жөніндегі қазақстан-әзербайжан үкіметаралық комиссиясының 6-шы отырысының қорытындысы бойынша Қазақстан президентінің Изербайжанға сапары аясында қол қоюға бес құжаттың жобасы ұсынылып отыр. Бұл туралы бүгін ҚР Энергетика және минералды ресурстар министрі Сауат Мыңбаев журналистерге мәлім етті, деп хабарлайды Kazakhstan Today.

Атап айтсақ, С. Мыңбаевтың хабарлауынша, бұл екі ел үкіметтері арасындағы 1992 - 1993 жылдардағы сауда-экономикалық қатынастардың нәтижесінде түзілген берешекті өтеу жөніндегі келісім.

"Бұл үкіметаралық комиссиялардың отырыстарында кейінге шегеріліп келе жатқан аса үлкен мәселе. Бұл осы мәселе реттелді", - деді министр.

Сондай-ақ, мекеме басшысының хабарлауынша, мал дәрігерлік саладағы ынтымақтастық туралы келісім, азаматтардың өзара визасыз жүріп-тұруы туралы келісім, ауылшаруашылығы саласындағы ынтымақтастық туралы келісім, Сумгаит пен Ақтаудың арасында бауырлас қалалар ретінде қатынас орнату жөніндегі бірлескен декларацияға қол қойылмақшы.

Өз кезегінде үкіметаралық комиссияның әзербайжан жағының төрағасы АР Өнеркәсіп және энергетика министрі Натик Алиевтің айтуынша, Изербайжан мен Қазақстан стратегиялық серіктестер, алайда мемлекеттер арасындағы экономикалық ынтымақтастықтың әлеуеті жеткілікті дәрежеде пайдаланылмай отыр.

"Елдің әлеуеті аса үлкен. Қазақстан Изербайжанның экономикасында аса үлкен маңызға ие. Біздің экономикалық ынтымақтастығынымыздың әлеуеті аса үлкен. Бірақ біз оны толық пайдалана алмай отырмыз. 2008 жылдың қорытындысы бойынша Қазақстан мен Изербайжан арасындағы тауар айналымының деңгейі небәрі $490 млн құрады, және ағымдағы жылы да біз айтарлықтай өсімді сезіне алмайтынымыз анық. Бірақ, өзара ынтымақтастығымыздың деңгейін және қол қойылған құжаттарды ескере отырып, біз келешекте өзара байланыстың кеңейе түсетіндігінен үміттене аламыз", - деді комиссияның отырысын ашқан Н. Алиев.

Оның пікірінше, Изербайжанда да Қазақстан әзірге пайдалана алмай отырған әлеует бар. "Бірінші кезекте, бұл - Изербайжанның Еуропа мен Азия арасындағы көпір екендігі", - деді өкіл.

"Отырыста ынтымақтастықты тереңдетудің осындай барлық мәселелері қорытынды хаттамада көрініс табады", - деді Н. Алиев.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны