12.02.2008, 17:09 2780

Қазақстан -Ресей демаркациялық комиссиясының кезекті отырысы 2008 жылғы сәуірде Қазақстанда өтеді

Қазақстан -Ресей демаркациялық комиссиясының кезекті отырысы 2008 жылғы сәуірде Қазақстанда өтеді

Астана. 12 ақпан. "Қазақстан Бүгін" - Қазақстан -Ресей демаркациялық комиссиясының кезекті отырысы 2008 жылғы сәуірде Қазақстанда өтеді, деп хабарлайды агенттік тілшісі ҚР СІМ-нің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, ағымдағы жылдың 4 - 8 ақпанында Орынборда мемлекеттік шекараны демаркациялау жөніндегі Қазақстан мен Ресейдің үкіметтік делегацияларының отырысы өтті.

"Шекара шегін белгілеуге қатысты процесті реттейтін бірқатар құжаттардың жобасы талқыланды, сондай-ақ, шекаралық белгілерді орналастыратын орынды айқындауға қатысты жұмыстар жалғасты", - деп хабарлайды СІМ баспасөз қызметі.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны