Қазақстан, Ресей мен Беларусь арасындағы Кедендік одақ 2011 жылдың 1 шілдесінен бастап толыққанды жұмыс істей бастайды - Шүкеев
Астана. 1 маусым. "Қазақстан Бүгін"- Қазақстан, Ресей мен Беларусь арасындағы Кедендік одақ 2011 жылдың 1 шілдесінен бастап толыққанды жұмыс істей бастайды. Бұл туралы бүгін өткен үкіметтің отырысында үкімет басшысының бірінші орынбасары Өмірзақ Шүкеев мәлім етті, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі.
"Ресей мен Қазақстанға келсек, біз 2010 жылдың 1 шілдесінен бастап кедендік рәсімдеусіз, сертификаттар бойынша, ал 2011 жылдың 1 шілдесінен бастап мүлдем рәсімдеусіз жібере бастаймыз. Біз осы уақытқа дейін кедендік және салық органдарының ақпараттық жүйелерін үйлестіруге тиіспіз", - деді үкімет басшысының бірінші орынбасары Өмірзақ Шүкеев.
"Толыққанды әрі толық форматты Кедендік одақ 2011 жылдан бастап енгізіледі, және Ресей мен Қазақстан шекарасындағы барлық рәсімдеулер, соның ішінде санитарлық, мал дәрігерлік және фитосанитарлық секілді тарифтік емес рәсімдеулер шекараның сыртқы контурына жіберіледі. 2011 жылдың 1 шілдесінен бастап бәрі де алынуға тиіс. Бұл - Минискіде өткен отырыста толыққанды келісілді және үкімет басшыларының кеңесіне осы жөеніндегі нақты келісімдер мен Кедендік одақты қалыптастырудың нақты мерзімдері ұсынылатын болады", -деді вице-премьер.
Осы орайда оның айтуынша, "Кедендік одақ 2010 жылдың 1 қаңтарында құрылады, ал Кедендік одақ деген классикалық ұғым біртұтас кедендік тарифтің болуын меңзейтіндіктен, ол 2010 жылдың 1 қаңтарына дейін дайын болады".
Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. «Қазақстан Бүгін» Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.