07.04.2010, 12:11 1523

Қазақстан, Ресей мен Беларусь Есеп палаталары тамыз айында Кедендік одақтың жұмысына талдау жасайды

Қазақстан, Ресей мен Беларусь Есеп палаталары тамыз айында Кедендік одақтың жұмысына талдау жасайды

Астана. 7 сәуір. Kazakhstan Today - Қазақстан, Ресей мен Беларусь Есеп палаталары 2010 жылдың тамыз айында Кедендік одақтың жұмысына талдау жасай бастайды. Бұл туралы РФ Есеп палатасының төрағасы Сергей Степашин бүгін журналистерге берген сұхбатында мәлім етті, деп хабарлайды Kazakhstan Today.

"Біз тамыз, қыркүйек, қазан және қараша айларында бақылаушы үш есептік органның бірлескен бақылау іс-шараларын өткізіп, Кедендік одақтың қалай жұмыс істеп жатқанына, үш елге ол не беріп отырғанына, біртұтас экономикалық кеңістік құру идеясы қаншалықты жүзеге асқанына талдау жасауды ұйғардық", - деді С. Степашин.

Оның айтуынша, бұл талдаудың нәтижелері Кедендік одақтың мемлекет басшыларына таныстырылады.

С. Степашин Кедендік одақтың оңай құрылып жатпағанын атап өтті. "Қазақстанмен арада екі ел басшыларының жеке қарым-қатынас тұрғысынан алғанда біз ерекше тауқыметті байқап отырған жоқпыз. Ал Беларусь жағымен арада түйткілдер бар",- деді ол.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны