01.07.2011, 16:59 3151

Қазақстан, Ресей және Беларусь үкіметінің басшылары Мәскеуде кездесу өткізеді

Путин телефон арқылы Беларус және Қазақстан премьер-министрлерімен келіссөз жүргізді.

Астана. 1-шілде. Kazakhstan Today - Қазақстан, Ресей және Беларусь үкіметінің басшылары Мәскеуде кездесу өткізеді, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

BNews.kz ақпараттық агенттігінің хабарлауынша, Мәскеуде 2011 жылы 12 шілдеде Ресей, Беларус және Қазақстан премьер-министрлері Владимир Путин, Михаил Мясникович және Кәрім Мәсімов үшжақты негізде кездесу өткізу жөнінде келіскен. Бұл туралы The Moscow Post РФ үкіметінің баспасөз қызметі мәлім етті.

Путин телефон арқылы Беларус және Қазақстан премьер-министрлерімен келіссөз жүргізді.

"Телефон арқылы келіссөз барысында үш мемлекет арасында қалыптасқан бірыңғай экономикалық кеңістіктің қазіргі кезеңіне аса жоғары баға берілді", - деді РФ үкіметінің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков.

Оның ескеруінше, бүгінгі күннен бастап күшіне енген "үш мемлекет арасынджағы барлық кедендік бекеттердің" алынып тасталуы осы кезеңнің басты символы болып табылады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны