06.01.2009, 17:02 3198

Қазақстан Республикасы Газа секторындағы шиеленіске қатысы бар жақтарды мәселелерді күш қолдану жолымен шешуден бас тартуға шақырады - ҚР СІМ

Қазақстан Республикасы Газа секторындағы шиеленіске қатысы бар жақтарды мәселелерді күш қолдану жолымен шешуден бас тартуға шақырады - ҚР СІМ

Астана. 6 қаңтар. "Қазақстан Бүгін" - Қазақстан Республикасы Газа секторындағы шиеленіске қатысы бар жақтарды мәселелерді күш қолдану жолымен шешуден бас тартуға шақырады. Бұл туралы бүгін Астанада өткен брифингте ҚР Сыртқы істер министрлігінің баспасөз хатшысы Ілияс Омаров мәлімдеді, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

"Қазақстан Республикасы бейбіт тұрғындардың қаза болуы мен зардап шегуіне, сондай-ақ, Палестинадағы гуманитарлық жағдайдың нашарлауына душар қылған Газа секторында болған соңғы оқиғаларға байланысты терең алаңдаушылығы мен өкінішін білдіреді",- деді өз сөзінде І.Омаров.

"Қазақстан саяси тетіктер арқылы жағдайдың тез арада ретке келтірілуін қалайды және тараптарды мәселелерді күш қолдану жолымен шешуден бас тартуға шақырады. Бейбіт үдерістің түпкі мақсатына тек диалог және келіссөздер арқылы жету мүмкін", деп атап көрсетті сыртқы саясат ведомствосының өкілі өз сөзінде.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны