10.05.2007, 17:28 2971

Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы арасындағы уранды байыту жөніндегі халықаралық орталық құру туралы келісім экономикалық және саяси мәнге ие - энергетика және минералды ресурстар министрі

АСТАНА. 10 - мамыр. Kazakhstan Today. Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы арасындағы уранды байыту жөніндегі халықаралық орталық құру туралы келісім "тек экономикалық мәнге ғана емес, саяси мәнге де ие: біз дүниежүзінің көптеген елдеріне байыту технологиясын әскери мақсатта іздемейтіндігімізді көрсетіп отырмыз. Бұл туралы бүгін журналистерге берген сұхбатында Қазақстан Республикасының энергетика және минералды ресурстар министрі Бақтықожа Ізмұхамбетов мәлім етті, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

"Үлбі металлургиялық зауытымен ынтымақтасудың арқасында біз шикізат орнына атомдық реакторларға арналған таблеткалар мен ұнтақ түріндегі жоғарғы деңгейде өңделген өнімдерді сату арқылы республикаға үлкен пайда әкелеміз",- деді Қазақстан Республикасының энергетика және минералды ресурстар министрі.

Министр әлемдегі жалпы уран қорының 20 пайызға жуығы Қазақстанның үлесінде екендігін және алдағы жылдары оны өндіру көлемін айтарлықтай көтеруді көздеп отырғандығын еске сала кетті.

Бұрын хабарлағанымыздай, бүгін Ресейдің президенті Владимир Путиннің Астанаға ресми сапары барысында уранды байыту жөніндегі халықаралық орталық құру туралы үкіметаралық келісімге қол қойылған болатын.

Құжатқа Қазақстан жағынан энергетика және минералды ресурстар министрі Бақтықожа Ізмұхамбетов, ал Ресей жағынан Атом энергиясы жөніндегі федералдық агенттіктің төрағасы Сергей Кириенко қол қойған.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны