01.08.2008, 11:50 1277

Қазақстан Республикасы парламенті сенатының депутаттарын сайлау 2008 жылғы 4 қазанға тағайындалды

Қазақстан Республикасы парламенті сенатының депутаттарын сайлау 2008 жылғы 4 қазанға тағайындалды. Бұл туралы Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Қуандық Тұрғанқұлов бүгін өткен брифингте мәлім етті, деп хабарлайды агенттік тілшісі. "Бүгін, 1 тамызда Қазақстан Республикасы парламенті сенатының депутаттарын сайлауды 2008 жылғы 4 қазанға тағайындау туралы президенттің жарлығы жария етілді",- деді ОСК төрағасы.

Астана. 1 тамыз. "Қазақстан Бүгін" - Қазақстан Республикасы парламенті сенатының депутаттарын сайлау 2008 жылғы 4 қазанға тағайындалды. Бұл туралы Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Қуандық Тұрғанқұлов бүгін өткен брифингте мәлім етті, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

"Бүгін, 1 тамызда Қазақстан Республикасы парламенті сенатының депутаттарын сайлауды 2008 жылғы 4 қазанға тағайындау туралы президенттің жарлығы жария етілді",- деді ОСК төрағасы.

Жарлықта атап көрсетілгеніндей, "Қазақстан Республикасы Конституциясының 44-бабының 2 -тармақшасына, "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 69-бабына сәйкес, 2002 жылғы қазанда сайланған Қазақстан Республикасы парламенті сенатының депутаттары өкілеттіктерінің конституциялық мерзімінің аяқталуына байланысты Қазақстан Республикасы парламенті сенаты депутаттарының сайлауы 2008 жылғы 4 қазанға тағайындалсын деп қаулы етілген.

"Қазақстан Республикасының үкіметі, Астана мен Алматы қалаларының, облыстардың әкімдері Қазақстан Республикасы парламенті сенатының депутаттарын сайлауды ұйымдық, материалдық-техникалық және қаржылық қамтамасыз ету жөнінде шаралар қабылдасын",- делінген жарлықта.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны