01.08.2008, 12:57 1170

Қазақстан Республикасы парламенті сенатының депутаттарының сайлауын өткізуге ағымдағы жылы республикалық бюджетте 135 млн жуық теңге қарастырылған

Қазақстан Республикасы парламенті сенатының депутаттарының сайлауын өткізуге ағымдағы жылы республикалық бюджетте 135 млн жуық теңге қарастырылған

Астана. 1 тамыз. "Қазақстан Бүгін" - Қазақстан Республикасы парламенті сенатының депутаттарының сайлауын өткізуге ағымдағы жылы республикалық бюджетте 135 млн жуық теңге қарастырылған, деп хабарлайды агенттік тілшісі Орталық сайлау комиссиясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Қазақстан Республикасы парламенті сенатының депутаттарының сайлауын өткізуге 2008 жылы "Мемлекеттік бюджет туралы" заңда 134 млн 963 мың теңге қарастырылған", -делінген ОСК таратқан баспасөз баянында.

Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Қуандық Тұрғанқұловтың брифингте берген түсініктемесіне сәйкес, "сайлау заңнамасына сәйкес, парламент сенатының депутаттығынан үміткерге сайлау алдындағы үгіт-насихатты жүргізу мен көлік шығындарына республикалық бюджеттен қаржы бөлінеді".

Сонымен бірге, "әрбір үміткер жалпы қаржы көлемі 8 млн 417 мың 500 теңгені құрайтын сайлау қорын құра алады". "Үміткерлер үшін сайлау жарнамасы 180 мың 375 теңгені құрайды", - деді Қ.Тұрғанқұлов.

"Сайлау науқанын қаржыландыруға қатысты мәселелер бойынша Қаржы министрлігі мен қазынашылық мекеменің шұғыл әрекет етуі қажет", - деді ол.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны