24.01.2008, 18:55 2888

Қазақстан Республикасы парламенті сенатының төрағасы ҚХР Халық өкілдерінің Бүкілқытайлық жиналысы тұрақты комитеті төрағасының орынбасарымен кездесті

Қазақстан Республикасы парламенті сенатының төрағасы ҚХР Халық өкілдерінің Бүкілқытайлық жиналысы тұрақты комитеті төрағасының орынбасарымен кездесті

Астана. 24 қаңтар. "Қазақстан Бүгін" - Бүгін Қазақстан делегациясының басшысы, Қазақстан Республикасы парламенті сенатының төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев Қытай Халық Республикасындағы ресми сапары аясында Халық өкілдерінің Бүкілқытайлық жиналысы тұрақты комитеті төрағасының орынбасары Хэ Лулимен кездесті, деп хабарлайды сенаттың баспасөз қызметі.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, кездесу барысында тараптар екі мемлекеттің өзара қарым-қатынастарын одан әрі дамыту және нығайту мәселелерінің келешегін талқылады.

Қытаймен ынтымақтастық Қазақстан үшін маңызды басымдық екенін, көптеген салалар бойынша стратегиялық әріптестік қарқынды дамып келе жатқанын айта келіп Қ.Тоқаев "Қазақстан Республикасы парламентінің сенаты алдағы уақытта да Қазақстан-Қытай қатынастарын дамытуға және нығайтуға жан-жақты атсалыса беретін болады. Халықтар бір-бірін жақсы білген сайын біздің елдеріміз арасындағы байланыстар беки түседі" деп атап өтті.

Бұл жыл Қазақстан мен Қытай арасындағы өзара іс-қимылды одан әрі нығайтуға екпінді де мазмұнды жыл болады,-деп атап өтті Қазақстан делегациясының басшысы. Атап айтқанда, біздің елдеріміздің жоғары заң шығару органдары арасындағы парламентаралық байланыстар да ынтымақтастық топ деңгейінде де, екі мемлекеттің жоғары заң шығару органдары деңгейінде де қарқынды дамитын болады.

Алдағы Олимпиаданың алауы Қазақстан аумағы арқылы өтетінін атап өте келіп, Қазақстан сенатының басшысы "ол да біздің елдеріміз арасындағы ынтымақтастықты нығайтудың маңызды дәлелі" деді және "Пекиндегі Олимпиада оны ұйымдастырушылардың айтуынша барлық Олимпиадалардан артық болады" деген сенімін білдірді.

Халық өкілдерінің Бүкілқытайлық жиналысы тұрақты комитеті төрағасының орынбасары Хэ Лули өз кезегінде "Ынтымақтастықтың стратегиялық мәселелерінде Қытай Қазақстанға қолдау білдіреді" деп атап өтті. Оның пікірінше белсенді түрде әрі бірте-бірте қалыптасқан парламентаралық қарым-қатынастар ҚХР мен Қазақстан арасындағы өзара іс-қимылдың құқықтық берік негізін қалайды. Халық өкілдерінің Бүкілқытайлық жиналысы тұрақты комитеті төрағасының орынбасары Хэ Лули "Халық өкілдерінің Бүкілқытайлық жиналысы Қазақстан парламентімен ынтымақтастықтың барлық саласы бойынша өзара іс-қимылды тереңдетуге әзір екенін, ол үшін зор мүмкіндіктер мен резервтер барын" жеткізді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны