12.10.2007, 16:00 2463

Қазақстан Республикасының Бас прокурорының орынбасары аймақтағы Еурокомиссия өкілдігінің басшысымен кездесті

Қазақстан Республикасының Бас прокурорының орынбасары аймақтағы Еурокомиссия өкілдігінің басшысымен кездесті.

Алматы. 12-қазан. "Қазақстан Бүгін" - Қазақстан Республикасы Бас прокурорының орынбасары Мерей Уайысов Еурокомиссияның Қазақстан, Қырғызстан және Тәжікстан Республикаларындағы өкілдігінің басшысы Адриан ван дер Меермен кездесу өткізді, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының баспасөз қызметінің хабарламасына сілтеме жасай отырып.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сүйенсек, тараптар 2007 жылдың 16-қазанында Астана қаласында өтетін "Қазақстан Республикасы - Еуроодақ" арасындағы Иділеттілік және құқық қорғау комитетінің 6-отырысына дайындық барысы туралы егжей-тегжейлі талқылады.

"Алдағы кездесудің күн тәртібіне сайлау заңнамасын дамыту, сот реформасын жүргізу, трансұлттық қылмыстармен, заңсыз көші-қонмен, қылмыстық жолмен алынған кірісті жасырумен күрес және т.б. мәселелер енгізілген", - деп көрсетілген хабарламада.

Баспасөз қызметінің түсіндіруі бойынша, Комитеттің кезекті отырысының жұмысына құқық қорғау және арнайы органдардың, Жоғарғы соттың, Орталық сайлау комиссиясының, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің және өзге де мемлекеттік органдардың өкілдері қатысады деп күтілуде.

Сонымен қатар, баспасөз қызметі Иділеттілік және құқық қорғау комитеті 2002 жылы президент Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен құрылғандығын еске салып өтті. Бұл Еуроодақпен ынтымақтастықты дамыту жұмысын сапалы өзгерту мәселесі бойынша Қазақстан Республикасы президентінің Еурокомиссия президенті Романо Продимен қол жеткізілген келісімдерін нақты жүзеге асыру нәтижелерінің бірі болып табылады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны