03.12.2007, 19:23 4002

Қазақстан Республикасының ЕҚЫҰ төрағалық етуі қауіпсіз, тұрақты және болашағы болжамды Орта Азия құруда маңызды фактор болады - ҚР Сыртқы істер министрлігі

Қазақстан Республикасының ЕҚЫҰ төрағалық етуі қауіпсіз, тұрақты және болашағы болжамды Орта Азия құруда маңызды фактор болады - ҚР Сыртқы істер министрлігі

Астана. 3-желтоқсан. "Қазақстан Бүгін" - Қазақстан Республикасының ЕҚЫҰ-на төрағалық етуі қауіпсіз, тұрақты және болашағы болжамды Орта Азия құруда маңызды фактор болады. Бұл туралы бүгін өткен брифингте Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Ержан Ашықбаев мәлім етті, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі.

Қазақстан ЕҚЫҰ төрағалық етуінде "теңізге шыға алмайтын елдер үшін ЕҚЫҰ аясындағы транзиттік-транспортты дамытуда, Орталық Азиядағы экологиялық проблемаларды шешуде маңызды рөл атқарады, бұл қарқынды экономикалық өсу жағдайында ерекше маңызға ие, сондай-ақ ол аймақтық интеграциялық бастамаларға қосымша серпін береді",- деп атап көрсетті Е. Ашықбаев.

Сонымен қатар Сыртқы істер министрілігінің ресми өкілі, "халықаралық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, сондай-ақ ЕҚЫҰ халықаралық беделінің өсуі мен оның әлеуеттілігін қауіпсіздіктің маңызды проблемаларын шешу үшін пайдалану тұрғысынан алғанда Қазақстанда ЕҚЫҰ сақтаудың қажеттілігі туралы нақты түсінік бар",- деп көрсетті. "Сыртқы және ішкі саясат мәселелерінде Қазақстанның ашықтығы мен бірізділігі төрағалық етуіне ықпал етті",- деп атап көрсетті Е. Ашықбаев. "Қазақстан өзін халықаралық қауіпсіздік проблемаларын шешуде, көптарапты ынтымақтастық пен өзара тиімді интеграцияны дамытудағы белсенді қатысушы ретінде көрсете білді",- деп жалғады ол өз сөзін.

"Дүниежүзілік қоғамдастық жаһандық және аймақтық қауіпсіздікті қамтамасыз етудегі, қару-жарақты таратпау және қарусыздану режимін нығайтуда, Ауғанстан мен Ирактағы ахуалдың тұрақтануына жұмсалған күш-жігерді қолдауда, лаңкестікпен күресте, діни экстремизмге қарсы тұруда, өркениеттер, мәдениеттер мен діндердің сұхбатын дамытудағы Астананың қосқан үлесін жоғары бағалап отыр",- деп атап көрсетті сыртқы істер министріінің өкілі.

Е. Ашықбаевтың пайымдауынша, бұл ерекшеліктер "еліміздің ЕҚЫҰ саяси жетекшісі болу өкілеттілігін іске асыруына қажетті актив болмақ". "Қазақстан ЕҚЫҰ-ның бүкіл қоғамдастығына ұлтаралық және конфессияаралық келісімді қамтамасыз етуде өз тәжірибесін ұсына алады",- деп қосты ол.

Е. Ашықбаев сондай-ақ, "Қазақстан сан салалы құрылымдарға (ТМД, ШЫҰ, ЭЫҰ, ЕуразЭҚ) жетекшілік етуде үлкен ұйымдастыру және саяси тәжірибе жинақтады. Бұл еліміздің ЕҚЫҰ-на табысты төрағалық етуіне мүмкіндік береді", деді. "Қазақстанның ЕҚЫҰ-ның Азиядағы сипаттасы болып табылатын Азиядағы өзара ықпалдастық және сенім шаралары жөніндегі кеңес ұйымы туралы бастаманы көтеріп, оның жұмысын 15 жыл бойы табысты басқаруы да маңызды болып табылады",- деп атап көрсетті ол.

"Қазақстан Республикасының ЕҚЫҰ-на саяси жетекшілік етуі еуропалық серіктестердің дұрыс таңдауындай болып көрінеді, себебі дәл Қазақстан ұйымның дағдарысын жеңу жөніндегі саналы бастамаларды көтеруде, экономикалық және саяси модернизацияның табысты үлгісін көрсетуде, ЕҚЫҰ-ның қағидалары мен құндылықтарын алға жылжытуға және қорғауға мүмкіншілігі бар Орта Азияның танымал жетекшісі болып табылады", - деген сенімде Е. Ашықбаев.

Оның пайымдауынша, "Қазақстанның өтінішін қолдау туралы шешім ЕҚЫҰ консенсустық платформасы және одан әрі дамуының, оған мүше мемлекеттердің ұжымдық жауапкершілік аймағын нақты кеңейту кепілдігі ретіндегі ұйым өміршеңдігінің кепілі болып табылады".

Бұрын хабарлағанымыздай, 30-қарашада ЕҚЫҰ Сыртқы істер министрлерінің кеңесі Қазақстанның ұйымға 2010 жылы төрғалық етуі туралы шешім қабылдаған болатын.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны