10.10.2007, 11:45 1451

Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі ЕҚЫҰ-ның Азшыл ұлттар ісі жөніндегі жоғарғы комиссарымен кездесті

Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі ЕҚЫҰ-ның Азшыл ұлттар ісі жөніндегі жоғарғы комиссарымен кездесті.

Астана. 10 қазан. "Қазақстан Бүгін" - Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі Марат Тәжин кеше ЕҚЫҰ-ның Азшыл ұлттар ісі жөніндегі жоғарғы комиссары Кнут Воллебекпен кездесті. Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық жөніндегі ұйымның жоғары лауазымды өкілі біздің елімізге сапармен келген болатын, деп хабарлайды СІМ-нің баспасөз қызметі.

Кездесу кезінде Қазақстанның ЕҚЫҰ Жоғарғы комиссарының кеңсесімен ынтымақтастығының келешек бағыттары талқыланды. К.Воллебек Қазақстан мен ЕҚЫҰ институттары арасындағы этностық азшылықтың құқықтарын орнықтыру және ұлтаралық қатынастарды үйлестіру саласындағы ынтымақтастықтың үлгілі тәжірибесін атап көрсетті.

ЕҚЫҰ-ның жоғарғы комиссары қазақстандық тараппен ұйым жобалары бойынша өзара белсенді ықпалдастықты жалғастыру ниетін қуаттап, этносаралық және конфессияаралық қатынастар саласындағы ұлттық міндеттерді іске асыруға жәрдем көрсетуге әзірлігін білдірді.

К.Воллебек бұл лауазымға үстіміздегі жылдың 4 шілдесінде үш жыл мерзімге тағайындалған болатын. Жоғарғы комиссардың қызметіне ЕҚЫҰ-ның барлық өңірлеріндегі аз ұлттардың жағдайын қадағалау кіреді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны