16.06.2009, 15:17 2642

Қазақстан Шанхай ынтымақтастығы ұйымы елдеріне ұлттарға ортақ біртұтас есептік бірлік енгізуді ұсынады

Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев бүгін Екатеринбург қаласында өтіп жатқан Шанхай ынтымақтастық ұйымы мемлекет басшылары кеңесінің кеңейтілген отырысында Шанхай ынтымақтастығы ұйымы елдеріне ұлттарға ортақ біртұтас есептік бірлік енгізу жұмысына кірісуді ұсынады.

Астана. 16 маусым. "Қазақстан Бүгін" - Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев бүгін Екатеринбург қаласында өтіп жатқан Шанхай ынтымақтастық ұйымы мемлекет басшылары кеңесінің кеңейтілген отырысында Шанхай ынтымақтастығы ұйымы елдеріне ұлттарға ортақ біртұтас есептік бірлік енгізу жұмысына кірісуді ұсынады, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігі "Вести" телеарнасына сілтеме жасап.

"Ұйымға қатысушы елдердің негізгі өңірлік валюталарының қоржынымен байланысты біртұтас ұлттық есеп айырысу бірлігін енгізу мүмкіндігін зерттеуді ұсынамын", - деді Н. Назарбаев.

Оның пікірінше, бұл бірлікті Шанхай ынтымақтастығы ұйымы елдері арасындағы сауда-экономикалық есептеулерде пайдалануға болар еді. "Өңірлік және әлемдік резервтік валюта рөліндегі ұлттық валюта дегеніміз - өзінің ұлттық валютасын өңірлік немесе резервтік валюта ретінде ұсынған ел ғана біржақты артықшылықтарға ие болуына есептелген, әбден көнерген схема", -деді Қазақстан президенті.

Өз кезегінде отырыста сөз сөйлеген РФ президенті Дмитрий Медведев Шанхай ынтымақтастығы ұйымының елдері есеп айырысуларда ұлттық валюталарды белсендірек пайдалануы қажеттігін атап өтті.

"Алуан түрлі резервтік валюталарға байланысты проблемаларға тәуелді болмау үшін ұлттық валюталардағы есептердің үлесін арттыру, сондай-ақ, өз валюталық резервтеріміздің бір бөлігін біздің серіктестеріміздің қаржылық құралдарына ендіру қажет болып отыр", - деді Д. Медведев.

РФ президенті қазіргі жағдайда дүниежүзіндегі барлық қаржылық жүйелердің бір ғана резервтік валюта - долларға тәуелділігі қалыптасқанын атап көрсетті. "Біз халықаралық валюталық жүйені тек доллардың позициясын нығайту есебінен ғана нығайтумен шектелмей, соның ішінде жаңа резервтік валюталар құру есебінен де, мүмкін тіпті нәтижесінде белгілі бір перспективада ұлттарға ортақ төлем құралдары мен есеп айырысу тәсілдерін жасау арқылы да нығайтуға тиіспіз", - деді Д. Медведев.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. «Қазақстан Бүгін» Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны